Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында өндіріс орындарындағы өзекті мәселелер талқыланды

8-11-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімдігінде кеңейтілген кеңес өтті. Күн тәртібінде облыс кәсіпорындарындағы жалақыдағы берешек мәселелерін шешу жөніндегі шаралар туралы, аймақтағы кәсіпорындарда орташа жалақыны арттыру, өндіріс орындарындағы апатты жағдайлардың алдын алу және жарақаттануды азайту жөніндегі шаралар қаралды.

Жиын барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев хаттама негізінде Бақылау (МСҚБ, еңбек инспекциясы), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына қала және аудан әкімдері кәсіпорын басшыларымен бірлесіп кәсіпорындардың жұмысшылар алдандағы жалақы бойынша берешектерін толықтай өтеуге байланысты тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Берешекті өтеу шаралары сақталмаған жағдайда Бақылау басқармасына (МСҚБ, еңбек инспекциясы) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс берушілерге қатысты қолданыстағы шаралар қабылдауын жүктеді.

Сондай-ақ, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық Бақылау (МСҚБ, еңбек инспекциясы), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары кәсіпорындармен бірлесіп, жалақы деңгейі төмен кәсіпорындарда, олардың экономикалық көрсеткіштерін негізге ала отырып, орташа жалақыны республикалық деңгейдегі көрсеткіштерге жеткізу және кәсіпорындардағы ең төменгі жалақы көлемін республикада бекітілген ең төменгі жалақы деңгейіне дейін жеткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет.

Бұдан бөлек, Бақылау (МСҚБ, еңбек инспекциясы) басқармасы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментімен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға сәйкес кешенді шаралар, оның ішінде жарақат алу қаупі жоғары кәсіпорындарына тексеру жүргізуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив