Семейде 8 мың шаршы метрді құрайтын қоғамдық кеңестік ашылды
Абай облысында тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды. Шығыс кентіндегі Декоративная көшесінде орналасқан кеңістік 4 аймаққа бөлінген. Онда балалар ойын алаңы, воркаут-спорт алаңы, футбол мен баскетбол және демалыс аймағы бар. Екі ай уақыт ішінде салынған қоғамдық кеңістік толығымен халық игіліне берілді.
Жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуына тұрғындар үшін жарқын мерекелік концерт ұйымдастырылып, қаланың музыкалық әртістері мен би топтары қонақтар үшін есте қаларлық бағдарлама жасады.
Биыл Семейдің орталығы мен шеткері аумағын қоса есептегенде 14 қоғамдық кеңістік пайдалануға берілген. Бүгін солардың қатарына 8 мың шаршы метр аумаққа салынған Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңес қосылды. Жоба құрылысын «BBP company» ЖШС мердігер ұйымы жүргізген.
Ашылу салтанатына қатысқан Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа қоғамдық кеңістіктердің ашылуы келесі жылы да жалғасатынын атап өтті. Алдағы уақытта барлық тұрғындар үшін қалалық ортаны жақсартуды жалғастыра отырып, қаланың шалғай бөліктерінде де абаттандыру жоспарланған.