Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семей қаласының әкімі 70, 71, 72 квартал және Орталық аудандардың тұрғындарымен кездесті

30-11-2023, 09:45 018.kz

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының 70,71,72 квартал және Орталық аудандардың тұрғындарымен кездесті. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Семей қаласының облыс орталығы болуы - әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және коммуналдық дамуына оң әсерін тигізуде.

Қала тұрғындары алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарың алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Көбінесе тұрғындар қоғамдық көлік, ТКШ жұмысына шағымданады және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді. Сондай-ақ, Мамай батыр 99А мекенжайының тұрғындары биыл аула аумағы абаттандырылғанына алғыс білдіріп, аула ішіндегі аумақ биыл неліктен асфальтталмағанын сұрады.

"Биыл Семей қаласында 71 аула аумағы абаттандырылды. Бірақ аулаішілік жолдарды асфальттау аулаларды абаттандыру жұмыстарына кірмейді. Аулаішілік жолдарды жөндеу басқа бағдарлама арқылы жүзеге асады. Келесі жылы аулаішілік жолдарды асфальттау жұмыстарын көбейтетін боламыз",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Кездесу барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілгенін, алдағы уақытта жоспар түзіліп, ол бойынша атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланатынын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив