Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыста Семей қаласын дамытудың Бас жоспары әзірленіп жатыр

23-11-2023, 15:32 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы ретте Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып кетті. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.

2023 жылға қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды.

Сондай-ақ облыста Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатыр, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Аспалы көпірді жапон мамандары тексерді. Қазір жобалық-сметалық құжатамалары әзірленіп жатыр. Айта кетсек, аспалы көпір астында кеңістіктер пайдалануға берілді.

Жамақаев және Мәңгілік Ел көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындар жасалып, этноауыл салынып жатыр. Жер асты өткелдері жөнделіп, жылы аялдамалар орнатылды. Келер жылы Ертіс өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен Бейбітшілік аралына балалар теміржолын салу жоспарда бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив