Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған

8-12-2023, 15:50 018.kz

Облыстың экономикалық көрсеткіші қысқа мерзімде 107,5% жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 141,2% өсіп, 475,1 миллиард теңгені құрады. Бұл инвестицияның қомақты бөлігі, яғни 187 миллиард теңгеден астамы немесе 39,4% Семей қаласына бағытталды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала халқымен кездесуінде айтты.

Құрылыс саласы ең үлкен өсімді 130% көрсетті, бұл өсімнің 42% қаланың үлесіне тиді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 110,3%-ға өсті, оның 56%-ы Семей қаласында.

Өнеркәсіп өнімдері 109,2%-ға өсті, шамамен 32%-ы қала кәсіпорындарында өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 488 миллиард теңгеге жетіп, оның 12,4% қала аумағына тиесілі.

Айта кетсек, орташа айлық жалақы 17,6% өсіп, 292,8 мың теңгеге жеткен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив