Семейде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде
Семей қаласында инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. 2023 жылы көлік саласын жақсартуға 11 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Жол құрылысы саласында Семей қаласының 50 шақырым жол желісі жөнделді. 2025 жылға дейін облыстағы 800 шақырым жолды орташа жөндеу жоспарланған. Өңірді 2026 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары аясында аспалы көпірді қайта жаңғырту жоспарланған.
Дегенмен, 19 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде Семей қаласында 13 959 адам. 2023 жылы көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға 134 пәтер берілді. Алдағы үш жылда (2024-2026 жж.) жалпы ауданы шамамен 694 мың шаршы метр болатын тағы 148 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 6800 отбасына өз баспанасын алуға мүмкіндік береді.
Семейде қалдықтарды сұрыптау желісі бар жаңа заманауи тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу жоспарланған. Жұмыс инвесторлар есебінен жүргізіліп жатыр. Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу аясында облыс орталығынан ауылдық округтерді бөліп, жаңа Жаңасемей ауданын құру жоспарланған.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі