Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

8-12-2023, 18:48 018.kz

Қала тұрғындарымен кездесуден кейін Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, көбінесе тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты сұрақтар болды.

Өз кезегінде облыс әкімі тұрғындардың түйткілді мәселелерін тыңдап, әрбір өтінішке қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Проблемалық мәселелерді шешу процесі облыс басшысының жеке бақылауына алынды.

Жеке қабылдауға келген басқарма басшылары да азаматтардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Айта кетсек, жеке қабылдауға 50-ден астам адам жазылды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив