Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Тәуелсіздік күніне арналған Абай облысы суретшілерінің бірінші көрме-конкурсы өтті

13-12-2023, 12:17 018.kz

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі жергілікті суретшілердің көрмесін бірінші жыл өткізіп отырған жоқ. Бұл суретшілерге өз туындылары мен шығармашылық ізденістерін көрермендерге ұсынуға мүмкіндік беретін дәстүрлі жоба. Биылғы жылы көрме ерекше мәртебеге ие, өйткені алғаш рет жаңа Абай облысында өткізілуде.

Отыз екі қатысушы көрме-конкурсқа графикада, кескіндемеде, мүсінде негізгі жанрлармен: пейзаж, портрет, натюрморт, иллюстрация және тақырыптық композициялар ұсынды

Суретші А. Бейсембаев Абай тақырыбына жүгінді. Автор ақын образын білім іздеген жастар арасында кеңінен танытқысы келді.

Көрме төрінен көптеген пейзаж жұмыстары орын тапты. Ертіс жағалауы, қарағай орманы, арал, Семей қаласының әдемі жерлері көптеген шеберлердің жүректерінде өз іздерін қалдырады (Т. Жуванышев, Ф. Хасенов, А. Борзунов, С. Шереметьева, М. Пауцкий, А. Белов, Н. Неделькина, А. Шушпанов). 

Р. Шакабаевтың түрлі-түсті қарындаштармен орындалған және О. Неудачинаның акварельдік қала пейзаждары көрерменді баяғы заманның тыныш, жұмсақ атмосферасымен баурап алады.  

А. Малякова көрерменді ертегілер мен мифтер әлеміне шақырады. Суретші А. Белякиннің жұмысында пластикалық, нәзік мүсіндік образдар үлкен орын алады. Абстракті стильдегі ағаштан жасалған композициялар көзді тартады және ойландырады.

В. Шмидттің көптеген туындылары жалпылама-символдық тұрғыдан шешімін тапты, алайда биыл суретші портрет пен пейзажды дәстүрлі-реалистік шешіммен таныстырды.

Т. Татиевтің шығармашылығы өте ұтымды жағынан ұсынылған. Суретшіні түс және динамика қызықтырады, жұмыстары фактура бойынша әсерлі.

Көрме біздің жергілікті суретшілеріміздің шығармашылығын, олардың эстетикалық құмарлығын, облыстың көркемдік дамуын бақылауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив