Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Семейде «Жыл таңдауы-2023» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

16-12-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Шараға қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев қатысып, жыл үздіктерін марапаттады.

«Жыл таңдауы – 2023» сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Биыл әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласындағы ең табысты жастар арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.

Сондай-ақ, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың атынан жақында жайдарман ойындарының финалдық бәсекесінде жеңімпаз атанған «Қыздар емес» командасына алғыс хат табысталды.

Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды:

• «Жылдың үздік студенті» аталымын — Игенбердыева Сағыныш Муратбекқызы;

• «Жылдың үздік волонтері» аталымын —Чукеев Ахмет Ерланұлы;

• «Жылдың үздік жастар ұйымы» аталымын — «Қаракөз студент жастар театры»;

• «Жылдың жас журналисі» аталымын —Торсықбаев Рүстем Қайратұлы;

• «Жылдың жас қаһарман» аталымын —Нұртазаев Елдос Нұрдәулетұлы;

• «Жылдың жас дәрігері» аталымын — Болатов Данияр Нұрбекұлы;

• «Жылдың жас еңбек адамы» аталымын — Құсайынов Жарқын Шаймұратұлы;

• «Жылдың жас спортшысы» аталымын — Игимбаева Арайлым Саматқызы;

• «Жылдың жас дарыны» аталымын — Төребекова Мариям;

• «Жылдың жас жанұясы» аталымын — «Уайсовтар» жанұясы;

• «Ауылдың жас маманы» аталымын — Қапезова Аңсаған Сырымқызы;

• «Жылдың жас ұстазы» аталымын — Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы иеленді.

Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив