Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Семейде «Арғы атам - ертүрік, біз қазақ еліміз» танымдық кеші өтті

16-12-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Әдеби-музыкалық танымдық кеш алашорда үкіметінің 107 жылдығына және тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. 

Шара қалалық мәдениет үйінде қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті. 

Кеште тарихи тың туындылардың дүниеге келуінен сыр шертетін «Күлтегін ескерткіші» фильмінен үзінді көрсетілді.

Кеш барысында «Арғы атам - ертүрік, біз қазақ еліміз»  жобасының авторы, алаштанушы, ақын, қоғам қайраткері Құсмілия Нұрқасымов сөз сөйлеп, көрермендерді тарихқа бір үңілдірді.

«Бұл жылда өткізілетін шара Алаштың 90 жылдығынан басталды. 2008 жылдан осы уақытқа дейін бұл жоба «Арғы атам - ертүрік, біз қазақ еліміз» атауымен келе жатыр. Бұл - Алашорда гимнінің алқашқы жолы» - деп атап өтті жоба авторы Қ. Нұрқасымов.

Кеш қалалық мәдениет сарайы әртістерінің мерекелік бағдарламасына ұласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив