Екі жүзден астам ұлттық ұлан сарбазы ант қабылдады
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде екі жүзден астам жас сарбаз ант қабылдады. Өскемен қаласындағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын атқаруға келгендер Алматы, Ақмола, Павлодар және Қызылорда облысынан шақыртылған.
Салтанатты шараға Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшылығының әскерилер мен ардагерлер қатысты. Олар жастарға ізгі тілектерін жолдады. Сап түзеген сарбаздардың семсер сүйіп серт берген мерейлі сәтіне ата-аналар қауымы да куәгер болды.
Бүгінгі кеште әр сарбаз өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Өйткені, салтанатты рәсім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналып, сарбаз бойындағы патриотизмді арттырып, Ұлттық ұлан қатарында адал қызмет атқару тәрізді қасиеттерге тәрбиелейді.
ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі