Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік көмек қажет ететін балаларға сыйлықтар таратылды

3-01-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысының әлеуметтік көмек қажет ететін балалары Ел Президентінен сыйлықтар алды. Балалар өздерінің тілектерін хатқа жазып, «Тілектер шыршасына» ілді. Планшет, коньки, велосипед және басқа спорттық құралдар қалаған хат иелерінің армандары орындалды. Әлеуметтік көмек қажет ететін бес балаға Президент атынан құттықтау хат пен сыйлықтарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, облыстық маслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов табыстады.

Бұдан бөлек, 28 желтоқсаннан бастап облыс бойынша «Тілектер шыршасы» қайырымдық акциясы өткізілді. Шараның басты мақсаты - балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, достық қарым-қатынас орнату, ғажайыпқа сенетін балалардың армандарын орындауға мүмкіндік беру. Осы мақсатта облыс көлемінде 50 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арманы орындалды.

Жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізу бойынша акцияға облыстық басқармалар мен облыстық маслихат депутаттары атсалысты. Балалар қымбат сыйлықтар: коньки, киімге сертификат, шаңғы костюмдері, гитара, велосипед, планшет, сымсыз құлаққап, ақылды сағаттар және басқа да сыйлықтар алды.

Айта кетейік, облыс әкімдігі бастамасы бойынша өткен қайырымдық акциясында сыйлықтар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3-15 жас аралығындағы балаларға таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив