Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Биыл Семейде тағы 4 жаңа бағдаршам орнату жоспарлануда

18-02-2023, 09:02 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында айтты. Сондай-ақ, кәріз қақпақтарын орнатуға қатысты сұрақтар да қойылды. Аталған мәселе қала әкімдігінің бақылауында. Қала тұрғындары білім ошақтарындағы бейнекамералардың санын арттыруды да сұрады. Бүгінгі таңда Семей қаласындағы білім беру мекемелеріне 88 камера орнатылды.

️Сондай-ақ, азаматтарды қабылдауда өтеусіз гранттар мәселелері қаралды. Түсіндіріліп өткендей, барлық бөлінген қаржы мемлекет бақылауында. Азаматтардың гранттарды басқа мақсатқа пайдаланған жағдайда оны өз еркімен немесе сот шешімімен қайтару қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының әкімінің қабылдауына жазылу "азаматтардың өтініштерін бақылау бөлімі" арқылы жүзеге асады. Әкім қабылдауына жазылу телефоны: 8 (7222) 52 39 21.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив