Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Семей қаласының тұрғындарын жеке қабылдады

5-01-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Семей қаласының тұрғындарын  жеке мәселелері бойынша қабылдады.  

Мәжіліс депутатының қабылдауына 30 адам жазылды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мәселелерін ортаға салды. Оның ішінде қоғамдық көліктің қала ішінде қатынауы, саяжайлардың инфрақұрылымын жақсарту, жарықпен қамту, баспана, ядролық сынақтардан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету сынды өзге де бірқатар мәселелер көтерілді. 

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов баспана алуға қатысты сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бойынша заң жүйесіне өзгерістер енгізуге әрекеттер жасалып жатқанын атап өтті. Еске салсақ, ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға арналған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау комиссиясы құрылған болатын. Комиссияның бірінші отырысы өтіп, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Нұртай Салихұлы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңдылығына сәйкес тиісті жұмыс жасалатынын жеткізді.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Абай облысына жұмыс сапары барысында бірнеше аудан тұрғындарымен кездесетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив