Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

5-01-2024, 18:48 018.kz

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Зайытов Ринат Рифхатұлы мен облыстық мәслихатының  депутаты, «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы Абай еліне іс сапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жаңа жылдың алғашқы аптасы күні зал толы халық ел қалаулысы Ринат Зайытовты қошеметпен қарсы алды. Кездесуді Абай аудандық мәслихатынын төрағасы Нұрсұлтанұлы Мақсат жүргізіп отырды.

Кездесу барысында аудан жұртшылығын толғандырып жүрген бірқатар мәселелер: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау,  жедел медициналық жәрдем қызметі, Қарауыл-Аягөз жолын жөндеу, мал  терісін өңдеу, ұқсату, т.б. көтерілді.

Жиын алдында сөз алған Абай ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы Аманғазин Төлеубек Мәжіліс депутатына аудан халқы атынан "Семей ядролық полигоны туралы" заңын қайта қарастырып, полигон аймағында өмір сүретін жұртшылыққа әлеуметтік және экономикалық қолдау жасауды қамтамасыз ететін құқықтық нормаларды жаңартып, жетілдіру  Полигон аймағында тұратын әйел адамдар 55, ер адамдар 58 жастан зейнетке шығу мәселесі бойынша ұсыныстар білдірді. Сонымен қоса аудандық аурухананың жедел жәрдемі ауданға қараса деген халықтың тілегін жеткізді. Халық арасында Абай Құнанбайұлы  болмаған, «Абай жолы» роман-эпопеясын Мұхтар Әуезов жазбаған және т.б. жалған ақпарат таратқан Зәуре Батаеваның мәселесі туралы өз ой пікірін білдірді. Жыл сайын полигон  мәселесін  көтереміз, бірақ еш қозғау жоқ деген Т. Аманғазы осы мәселенің шешілуін баса айтты.

Келесі кезекте сөз алған ақын, «Құрмет» орденінің иегері Төлеген Жанғалиев ауданымыздағы Қарауыл гимназиясы мен мәдениет үйіне Хафиз Матаевтың атын беру және аудан орталығы Қарауыл ауылында Х. Матаевқа арнап ескерткіш орнату жайлы ұсыныс тастады. Жиында сөз алғандар қатарында Құндызды ауылының ардагер ұстазы Тоқтарбек Сүлейменов, зейнеткер Әбеуов Серікқан, Кеңгірбай би ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жарасбаев, жеке кәсіпкер Ержан Жакеевтер сауалдар қойып,көкейде жүрген мәселелерді көтерді.  

Жиын соңында  ел қалаулылары аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Сонымен қатар  Ринат Заитов «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында бекітілген әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысымен танысты.Жұмыс сапары барысында Абай ауданының орталығы - Қарауылдағы, Көкбай ауылындағы пайдаланылуға берілген тұрғын үйлердің иелерімен жүздесіп, пікірлесті.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында Көкбай ауылында салынып жатқан заманауи спорт модулінің құрылысымен танысты.

Бұл бағытта ауданымызда айтарлықтай жұмыстар қарқынды атқарылуда. Мысалы, бүгінгі таңда, «Жол картасына» сәйкес Қарауыл, Кеңгірбай би, Көкбай, Құндызды, Қасқабұлақ және Саржал ауылдарында 42 жаңа пәтерлердің кілттері баспана кезегінде тұрған жерлестерімізге толығымен табысталды.

Яғни, «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасында берген уәделерін орындап келеді.

«AMANAТ» партиясының өңірлік  «Жол картасы»  бағдарламасы аясында азаматтардың сапалы тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында Абай ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында аудан көлемінде соңғы екі-үш жылда,  жиыны 96 пәтер жаңадан бой көтеріп, ауданның тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларына пайдаланылуға берілді.

2023 жылы халықты тұрақтандыру мақсатында тұрғын үйлер аудан орталығы - Қарауыл ауылынан басқа 5 ауылдық округте салынды.

Ринат Зайытовты Қазақстан халқы жалынды жас депутат, арынды да қарымды ақын ретінде таниды. Халықтың үнін жеткізіп жүрген Парламент мәжілісінің депутатынан Абай елінің жұртшылығы да зор үміт күтеді.

Анар СӘРСЕНБИНА

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив