Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қарағайлы ықшам ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

25-01-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов аталған ауданға барып, салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады. Қазіргі таңда «Қарағайлы» шағын ауданында 21 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Қаланың бас жоспарына сәйкес, оң жағалауда «Қарағайлы» шағын ауданының егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірленді.

Бүгінгі күні Қарағайлы шағын ауданында нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында Қарағайлы ықшам ауданында 1200 оқушыға арналған мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Қарағайлы ықшам ауданының даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары ықшам ауданға қоныстанушылардың да саны артты. Құрылыс сапалы әрі бекітілген кестеге сай аяқталуы керек. Тұрғын үйлерлің сыртқы қасбетін әдемі болуына да ерекше назар аударыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Соңғы бір жылда Семей қаласында құрылыс жұмыстарының саны артты. 2023 жылы 296 059 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр пәтер кезегінде тұрған 211 отбасы баспаналы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив