Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті

15-02-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған шараға облыстық, қалалық  әкімдіктің өкілдері, әскери қызметшілер, қала тұрғындары қатысты.

Шарада Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары Дархан Ажибаев, «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық ұйымының төрағасы Боранбай Бегатов сөз сөйлеп, еске алу шарасының маңыздылығын атап өтті.

Жиналған қауым алдымен ауған соғысында мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, ел үшін жанын қиған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив