Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Болашақ Оқушылар сарайының құрылыс алаңына уақыт капсуласы салынды

1-03-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Әуезов көшесі 1 мекенжайында орналасқан көпфункционалды орталық  жоба бойынша 6 функционалдық аймаққа бөлінген. Нысан «Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі» республикалық Жол картасының 85-тармағын орындау бойынша салынуда.

Құрылыс Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылуда

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов атап өткендей, көпфункционалды орталық заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, мектеп оқушыларының қосымша білім алуға деген сұранысын қамтамасыз ете алады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында оқушыларға арналған көпфункционалды орталық салынуда. Орталық 6 функционалды аймаққа бөлінеді, олардың әрқайсысында заманауи технологиялар қолданылады. Семейде Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы бұрыннан бар,ол біріншіден қаланың оң жағалауында орналасқан, екіншіден, қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы жоқ. Жаңа орталықта робототехника кабинеттері, спорт секциялары орналасады, - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, қала әкімі құрылысты аяқтау келесі жылға жоспарланып отырғанын айтты.

— Орталыққа кіреберістерді қалалық қызметтермен пысықтаймыз. Мұнда кіру, автотұрақ, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған екі көпір өткелі болады. Балалардың қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етіледі. Қала әкімдігі осы жобаларға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде, - деп қорытындылады қала әкімі.

Орталықта ұсынылатын бағыттар:

• ғылыми-техникалық (нейроробототехника, астрономия, бағдарламалау кабинеттерімен);

• әр түрлі шығармашылық студиялары бар көркемдік және эстетикалық бағыт;

• спорттық-сауықтыру ( үлкен және кіші бассейндері, шығыс жекпе-жек залдары, фитнес-залдары).

Гуманитарлық, психологиялық бағыттарға сенсорлық бөлме мен сөйлеуді дамыту кабинеті, тарихи-өлкетану Co-working кітапханамен және басқа секциялар кіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив