Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аудан тұрғындары ет және сүт өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады

12-03-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Облыс аудандарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Мәселен, Абай ауданында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды. Іс-шара аясында көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), ет, сүт өнімдері, балық пен Бородулиха ауданының балы сатылды.

Бұдан бөлек, әр сенбі сайын Бородулиха ауылының «Еркежан» базарында да дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Аудан тұрғындары үшін жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Олардың қатарында жылқы еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, май, бал бар. Сонымен қатар, жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, тұрғындарға түрлі шұжық және басқа да өнімдерді ұсынады.

Айта кетейік, жәрмеңкедегі азық-түлік нарықтағы бағадан төмен бағада сатылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив