Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

27-03-2024, 18:49 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері, сондай-ақ өңірдегі құрылыс саласы туралы мәселелер талқыланды.

Жиынға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Нұржан Толықбеков қатысты.

Жиын барысында Семей қаласының құрылыс және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасап, қаладағы құрылыс саласындағы проблемалық аспектілерді ұсынды.

«Бүгін өте маңызды талқылау болды. Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша арнайы хаттама дайындауды тапсырамын. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға тиісті хаттамалық тапсырмаларды жолдаңыздар», - деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив