Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Биыл Семей қаласының әкімдігі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлауда

20-03-2024, 11:03 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Семей қаласының әкімдігі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлауда. Осыған байланысты қалалық әкімдік әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады.

Тек қаланың орталығында ғана емес, шеткері аймақтардағы кенттер мен елді мекендерде де Наурыз мейрамы аталып өтіледі. Атап айтқанда, 2023 жылғы 21 наурызда сағат 11:00- 13:00 аралығында Степной, Водный, Бобровка, Шығыс кенттері мен Дальняя, Жоламан, Компоселок, Холодный ключ аудандарында «Наурыз мейрамы-2024»мерекесіне арналған ұлттық мерекелік іс-шаралар өтеді.

2024 жылғы 22 наурызда орталық алаңда сағат 11:00-ден бастап мерекелік бағдарламалар мен ұлттық ойындар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың  бір ерекшелігі, әртүрлі тақырыптарды арқау ететін импровизацияланған ауылдар ұлттық салт-дәстүрлер бойынша өнер көрсетеді. Еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған ауылдар болады. Мысалы, “Кенен Әзірбаевқа 140 жыл”, “Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл”, “Ілияс Жансүгіровке 130 жыл”, “Әбілхан Қастеевке 120 жыл”, “Әлкей Марғұланға 120 жыл”, “Шәкен Аймановқа 120 жыл”, “Бердібек Соқбақпаевқа 100 жыл”, “Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл”, “Әбдіжамал Нұрпейсовке 100 жыл, “Тұрар Рұсқұловқа 130 жыл”, “Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл”, “Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл”, “Сәкен Сейфуллинге 130 жыл”, сондай-ақ, тері- былғары зауыты алдында, Қарағайлы шағын ауданында, “Asima” сауда үйінің алдында, Әуезов алаңы,Теміржолшылар ауылдары киіз үйдің алдында театрландырылған қойылымдар қойып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынады. Сондай-ақ, көрме, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі.

Сонымен қатар, 22 наурыз күні Орталық алаңда 19:00-ден 22:00 аралығында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Барша қала тұрғындары мен  қонақтарын ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз. Наурыз құтты болсын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив