Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Абай өңірінде барлық білім мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр

2-04-2024, 10:54 Мадина Айдарова

Қазіргі уақытта Абай облысындағы білім беру ұйымдарын су басу қаупі жоқ. Облыстың барлық аудан, қала мектептерінде оқушылар штаттық режимде оқып жатыр.

Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.

Облыстағы Бородулиха ауданы Переменовка орта мектебінде оқу барысы штаттық режимде өтіп жатыр. 2 сәуірден бастап, оқушылар мектепке оралды. Білім мекемесіне апаратын бірнеше көшеден еріген қар суы толығымен шығарылды.

Анықтама: Абай облысында 302 білім беру ұйымы бар, онда барлығы 100 102 оқушы білім алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив