Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Облыс аудандарында су тасқынынан кейінгі жолдар қалпына келтірілуде

5-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге жауапты мердігер компаниялар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 2 сәуірінде Көкпекті ауданы үшін маңызы бар «Үлкенбөкен-Көкжайық» автожолында қардың еруі нәтижесінде Көкжайық ауылына кіреберістегі ұзындығы 4 шақырым жол жабылып, жол жиегін су шайып кеткен.

Қазіргі уақытта осы автомобиль жолының жиектерін нығайту және су өткізу құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тапсырмаларды орындау үшін 7 арнайы техника оның ішінде 5 КамАЗ, 1 тиегіш және 1 экскаватор, сондай-ақ 12 адам жұмылдырылды.

Ақсуат ауданында су тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Жұмысты Ақсуат ауданының әкімі Асхат Смаилов бақылауда. Мәселен, «Семей жолдары» ЖШС облыстық маңызы бар «Сәтбаев-Ақсуат» автожолындағы бұзылған учаскелерді қалпына келтірді. Қызылкесік ауылдық округінде Орта Боғас өзені арқылы Егіндібұлақ ауылына өтетін өткелдің бүлінген учаскелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Егіндібұлақ және басқа да қыстақтармен жол қатынасы ашылды, ешқандай кедергі жоқ.

Аягөз ауданында Бозай елді мекеніндегі автомобиль көпірін қалпына келтіру жұмыстары бойынша аудан әкімі Қанат Әділбай арнайы мамандармен келіссөздер жүргізді. Келіссөз барысында көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау, құрылыс сапасы, көпірді жөндеу аяқталғанға дейін айналма жолды қарастыру мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив