Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Теміржол өткелдерінің аумағын абаттандыру жұмыстары талқыланды

20-06-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен ҚТЖ Семей қалалық филиалының басшылығы, Көлік полициясының өкілдерінің қатысуымен темір жол өткелдерінің аумағын абаттандыру бойынша жиын өтті.

Облыс орталығында 26 теміржол өткелі орналасқан. Оларды күтіп ұстау, бүлінген жерін қалпына келтіру «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ магистральдық желісінің Семей бөлімшесінің міндетіне кіреді.

Қала басшысы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ магистральдық желісінің Семей бөлімшесінің мамандарына темір жол өтпелерін абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, қала әкімдігі темір жол бойын абаттандыруға бағытталған барлық жұмыстарды қолдайтынын тапсырды. Сонымен қатар, ТҮКШ бөлімі мен Жергілікті полиция бөліміне темір жол бойындағы қоқыстарды жинау, тұрғындардың рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу жұмыстарын болдырмауды тапсырды. Жиында көтерілген барлық сұрақтар арнайы хаттамаға бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда Семей қаласында темір жол бойындағы қоқыстар тазартылып, темір жол өткелдерінің айналасын ретке келтіру және темір жол бойындағы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив