Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

9-12-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Жәрмеңке Семей қаласының мансап орталығы және Абай облысының Әділет департаментінің бақылауымен Абай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе ұйымдастырылды. 

Оған 124 жұмыс берушіден 721 бос жұмыс орны ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге қатысушылар 10-нан астам жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, бос жұмыс орындарымен танысты. 

Жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылған шараға жұмыссыздар, аз қамтылған отбасы мүшелері, алимент төлеушілер қатысып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды. Мансап орталығының мамандары жұмыс іздеушілерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив