Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Жаңасемей ауданында 500 түп тал көшеті отырғызылды

29-04-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңасемей ауданында көктемгі көгалдандыру және көркейту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағында 500 түп тал көшеті отырғызылды. Іс-шараға ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен кенттер белсенді қатысты.

Акция шеңберінде аудан әкімі Алмас Тәнібекұлы және аудан әкімдігінің қызметкерлері Озерки ауылдық округіне арнайы барып, ауылдық әкімдік ғимараты мен Озерки орта мектебінің алдына 70 түп көшет отырғызды. Көшет отырғызу барысында ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, табиғатты қорғау мен ауылды абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Бұл шара Жаңасемей ауданының экологиялық жағдайын жақсартуға және жасыл желек аумағын кеңейтуге бағытталған. Алдағы уақытта да аудан аумағында осындай игі бастамалар өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив