Cемей34°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ салынып жатыр

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі бірқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы әуелі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс барысымен танысты.

Аумағы кең саябақта серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар мен демалыс аймақтары қарастырылады. Саябаққа жасыл желек отырғызылып, заманауи талаптарға сай жабдықталмақ.

Мердігер компания өкілі Мереке Берікұлының айтуынша, аумағы 5 гектар болатын саябақтың 2,6 гектарына түрлі жасыл-желек отырғызылып, автоматты суғару жүйесі орнатылады. Саябақтың орталық алаңы киіз үй пішінінде жасалып, сахна қойылады.

Саябақ туралы облыс әкіміне Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев баяндап, нысанның мәдени іс-шаралар өткізуге арналған кең қоғамдық кеңістік болатынын айтты. Жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Қазіргі уақытта саябақ құрылысына 13 арнайы техника мен 20-ға жуық жұмысшы тартылған.

Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне сапаға мән беріп, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Бұл саябақ Қарағайлы ықшам ауданы ғана емес, Энергетик кенті тұрғындарының да серуендеуіне арналған үлкен демалыс орны болады. Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру үшін осындай саябақтардың санын көбейтетін боламыз. Алдағы уақытта қаланың басқа саябақтарын да кезең-кезеңімен жаңартамыз. Саябақты қыркүйек айында, қала күнінің қарсаңында пайдалануға беруіміз керек», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив