Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылады

23-10-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қаланы аралау барысында Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс алаңына барды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы қала әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев баяндады.

Қазіргі уақытта саябақ аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ көгалдандыру аясында мыңға жуық қарағай мен шырша көшеттері отырғызылған.

Аумағы 5 гектарды құрайтын саябақта серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар, демалыс аймақтары қарастырылған.

Жоба тұрғындардың жайлы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Саябақтың ашылуы 25 қазан – Республика күніне жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив