Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.19 597.32 6.43

Қала әкімі өрттен зардап шеккен тұрғындармен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Әділет Қожанбаев өрттен зардап шеккен тұрғындармен кезекті рет кездесу өткізді. Кездесуге әкімнің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, ТЖ басқармасының өкілдері, әлеуметтік қызмет мамандары және тұрғындар қатысты.

Еске сала кетейік, Семей қаласында 18 қараша күні сағат 23:35 шамасында Кожкомбинатская көшесі, 38 мекенжайында өрт орын алған болатын. Оқиға туралы ақпарат түскен сәтте қала басшысы дереу оқиға орнына жетіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Сол жерде шұғыл штаб құрылып, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Тұрғындардың бір бөлігі уақытша қонақүйге орналастырылса, қалғандары туыстарының үйіне баратынын айтты.

Келесі күні, яғни 19 қарашада қала әкімдігінде өрт салдарына қатысты алғашқы жиналыс өткізіліп, зардап шеккен азаматтардың қажеттіліктері анықталды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес алты тұрғын бейімдеу орталығына орналастырылд

Бүгінгі кездесуде әкім Әділет Қожанбаев тұрғындардың қазіргі жағдайын сұрап, қандай қосымша қолдау қажет екенін нақтылады. Алдыңғы кездесуге келе алмаған азаматтар бүгін мәселелерін жеткізуге мүмкіндік алды.

«Назардан тыс қалмайды. Өздеріңізбен тұрақты байланыстамыз. Алда да қажетті шаралар қабылдана береді. Өрттің шығу себебі анықталып, сараптама нәтижесі шыққаннан кейін тиісті шешімдер қабылданады», – деді қала әкімі.

Қала басшысы қолдау шаралары жалғасатынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив