Семейде қала көшелерін грейдерлеу жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі таңда Семей қаласында 10 км жолға қиыршық тас пен ПГС себу, профильдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шарт «Аз и Мур Строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалды. Қазіргі уақытта жұмыстар Матяш, Толстой, Рехтика, Школьный переулок және 2 проезд көшелерінде жүргізіліп жатыр.
«Биыл қаланың шеткері аудандарындағы бірнеше жолға қиыршық тас себу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Атап айтқанда, келесі аптадан бастап Водный кентіндегі Гиодезия көшесінде, Восточный, сондай-ақ, Бобровка, Мирный, Нахаловка, Жоламан кенттерінде 2 км жолға грейдерлеу жұмыстары жүргізіледі», - деп атап өтті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 35 көшені қамтитын 55 км болатын жолдар күрделі жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 4 км болатын тротуар жөндеуден өткізіледі.
Тағыда оқыңыз