Абай облысында дүние есігін ашқан алғашқы үшемдердің отбасында дүбірлі той
Қалбатау ауылының тұрғындары 8 баланың ата-анасы атанған жас отбасыға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы Семей қаласынан 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты.
Естеріңізде болса, жас отбасы бірер апта бұрын облыс әкімінен жаңа туған үшемге Семей қаласынан пәтер болса деген ниетін білдіріп, «018.kz» редакциясына алғашқы болып сұхбат берген еді. Міне, бүгін сол арман орындалған айшықты күн.
Абай облысы әкімінің кеңесшісі Жарқын Түсіпбекұлы мен Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, отбасына бақыт тіледі.
«Құрметті, Амангелді - Аида! Сіздерді жанұяларыңыздағы керемет қуанышты күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақтарыңызды шаттыққа бөлеген, әулетті қуанышқа кенелткен сәбилердің бауы берік болсын! «Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры» - деген дана халқымыз баланы байлық пен берекеге балаған. Сіздер қасиетті Абай жерінде дүние есігін ашқан тұңғыш үшемнің ата-анасы атанған бақытты жансыздар. Келешекте Бегімай, Бек-Мұхаммед пен Бегайым үміттеріңізді ақтап, мерейлеріңізді үстем ететін ұлтымыздың ардақты азаматтары болатынына сенімдімін. Ұл-қыздарыңызға жарқын болашақ тілеймін, жанұяларыңызда әрқашан татулық пен сыйластық салтанат құрсын. Тойларыңыз тойға ұлассын!», - делінген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтауында.
Жас отбасының қуанышында шек жоқ. Көпбалалы ата-ана облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз алғыстарын жеткізді.
«Қуанышымызда шек жоқ. Облыс әкіміне өз алғысымызды білдіреміз. Осыдан бірер апта бұрын өзіміздің өтінішімізді білдірген едік. Көп ұзамай міне 3 бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз. Кішкене бөбектеріміз үшін бұл үлкен қуаныш. Еліміз, облысымыз дами берсін. Үлкен алғысымызды білдіреміз», - деп көпбалалы отбасы өз ризашылықтарын білдірді.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ