Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Облыс әкімі Абай ауданы тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады

21-08-2023, 12:27 Думан Кенжеғазыұлы

Әкім қабылдауына 30-ға жуық аудан азамат жазылды. Тұрғындар денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сауалдарын қойды.

Аудан тұрғындарының басым бөлігі тұрғын үйге қатысты мәселені көтерді. Облыс әкімі Абай ауданында биыл 2 пәтерлі 21 тұрғын үйге, жиыны 42 пәтерге құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

Қабылдау барысында Абай ауданында ауыл шаруашылығы бағытында өз кәсібін ашқысы келетіндердің қатары қалың болды. Азаматтар бизнес жобаларға берілетін грант мәселесін көтеріп, көпшілігі жылыжай ашу, қымыз өндірісін дамыту және т.б. жобаларды ұсынды.

Облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев жеке қабылдауда азаматтардың көтерген барлық мәселелерін жедел шешу қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив