Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай гарнизонының әскери бөлімдері «Шығыс» полигонына шеру жасады

28-08-2023, 12:55 018.kz

Абай гарнизоны әскери бөлімдері 2023 жылдың 25 тамызымен 10 қыркүйек аралығында «Шығыс» түраралық полигонында өтетін «Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді.

Жаттығуларға қатысатын Абай гарнизонының  жеке құрамы  оқу-жаттығу алаңына аттанды. Әскери колонналарды әскери полициямен және Ми-17 тікұшақтары қалқалады.  

Бұл оқу-жаттығуларға Өскемен, Аягөз гарнизондарының әскери бөлімдері тартылып, олар әскери эшелондар бойынша жүк түсіру орнына келіп, «Шығыс» полигонына өз бетінше аттануда.

- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінің полктік арнайы тактикалық жаттығуы өткізіледі. Оқу жаттығу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең полкті жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне көтеру. Полктің күштерімен құралдарын жедел басқаруды ұйымдастыру, - дейді 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Талап Бірбаланов. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив