Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Семей қаласына қарасты 5 ауылдың кірме жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

18-08-2023, 11:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылы Семей қаласының әкімдігі жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асыруда. Соның ішінде ауылдық елді мекендерге апаратын жолдарды жөндеу жұмыстары да бар. Биыл Семей қаласына қарасты 5 ауылдың кірме жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айының соңында Жарқын ауылының жолына 8,3 км асфальттау жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі таңда, Верхнее-Березовский, Қыземшек ауылдарының жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Көкентау ауылындағы Майтқанов көшесіндегі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы - "Семей жолдары" ЖШС.

Қазіргі уақытта инертті материалдарды тасымалдау, сондай-ақ жол төсемінің негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі шамамен ағымдағы жылдың қыркүйек айы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив