Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Қала әкімі жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын тексерді

22-08-2023, 11:32 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалайды. Бүгін ол Абай облысы тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы Серік Туленбергеновпен жылу қазандықтарын аралады.
 
Нұрбол Нұрсағатов арнайы «Центр» және «Ғаббасов» қазандықтарын аралап, жылу желін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ,  ЦТП-9, «Центр», ЦТП-518, ЦТП-457, ЦТП-401 учаскелерін, Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі жылу магистралын, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі жылу желісіндегі жұмыстарды жіті тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жылу құбырларында апаттық жағдайлар орын алған болатын. Жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив