Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Чехов, Найманбаев, Аймауытов және Уәлиханов көшелеріндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталды

25-08-2023, 16:49 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылы 2023 жылы жалпы ұзындығы 60 км болатын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 30 көшені асфальттау жұмыстары аяқталды.

Бүгін Чехов, Найманбаев, Аймауытов және Уәлиханов көшелерінде орталық базар ауданында жол және тротуарларды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Бұдан бұрын қалалық әкімдік мамандары мен жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері Чехов, Аймауытов көшелеріндегі саудагерлерге жолды босату туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов базар көшелерін аралап, мердігер ұйым басшысына бірқатар тапсырмалар берді.

“Қаншама жылдан бері саудагерлер белгіленбеген орындарда сауда жасап, базар көшелеріндегі тротуарларды жауып тастады. Бұның салдарынан жаяу жүргіншілерге ыңғайсыздық тудырып, кептелістер орын алды. Заң- бәріне ортақ. Саудагерлерге саудамен айналысуға арнайы орындар беріледі. Биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қала халқы осыны түсініп, қолдау танытулары керек,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, қалалық әкімдік осы көшеге жақын маңдағы “СМОКК”, “Мереке”, “Нур”, “Жансая”, “Северный”, “База-R” базарларынан саудагерлерге арнайы орындар берді.

Сондай-ақ, қала әкімі базар көшелеріне жол белгілерін орнатып, жол сызықтарын сызуды тапсырды.

"Ағымдағы жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары ҚР Әқбтк 204 бабымен “Қоғамдық орында сауда жасау” бойынша заңсыз сауданың 395 фактісі тоқтатылды. Осы баптың санкциясы ескерту жасауға және 5 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады",- деді жергілікті полиция бөлімінің бастығы Елдос Оразалин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив