Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысының әкімдігі №1 емхана автотұрағына қатысты түсініктеме берді

13-09-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

11 қыркүйекте әлеуметтік желіде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы №1 емханаға жұмыс барысымен келуінің алдында емхана қызметкерлері тұрғындардың көліктерін автотұраққа кіргізбей қойғаны туралы ақпарат тарады.

Абай облысының әкімдігі емханаға келушілерді автотұрақ аумағына кіргізуге тыйым салу туралы ешқандай нұсқау берілмегенін хабарлайды. Мемлекеттiк органдардың салалық мекемелерге баруының басты мақсаты – олардың халыққа көрсететін қызметін және ғимараттардың жай-күйiн тексеру.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анықтама үшін:
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев 11 қыркүйекте №1 емханаға барып, оңалту терапиясы, жедел медициналық көмек, балалар стоматологиясы және т.б. бөлімдердің жұмысымен, медициналық мекеменің амбулаториялық дәріхана қызметімен танысқан болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив