Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

«KieliTabigat» республикалық экологиялық акциясы өтті

16-09-2023, 15:00 Еркежан Қуатқызы
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «KieliTabigat» республикалық экологиялық акциясы  ұйымдастырылды. Акция аясында еліміздегі барлық киелі орындарда тазалық жұмыстары орын алуда. Абай облысының тұрғындары да бұл акциядан шет қалмай, қасиетті өңірдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде тазалық жұмыстарын жүргізді. 
«KieliTabigat» республикалық экологиялық акциясы  аясында ұйымдастырылған сенбілікке 200 адам қатысты. Абай ауданының жастарынан құралған топ әуелі Ұлы бабаларымыздың рухына тағзым жасап, құран бағыштады.
Акцияға қатысушылар Абай музейінің, Шәкәрім кесенесінің маңын, Жидебай жерін толықтай қоқыс қалдықтарынан тазартты. Сенбілікке ауданның белсенді жастары қатысып, өз белсенділіктерін танытты. 
Шара барысында Абай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аманғазин Төлеубек Аманғазыұлы табиғатты аялап, қастерлеп, тазалық жұмыстарын белсенді түрде атқарған аудан жастарына өз ризашылығын, ыстық ықыласын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив