Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Қарауыл ауылында жаяу жүргіншілер жолы төселді

20-09-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының Тоқтамыс көшесіне 1,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы аяқталды. Жобаны қабылдауға және жүзеге асыруға жергілікті тұрғындар бастамашы болды.

Мердігер «Tabs Qurylys» ЖШС-гі 2 айдың ішінде жаяу жүргіншілер жолының құрылысын аяқтады. Бүгінде тротуар тұрғындар игілігіне беріліп, ауыл инфрақұрылымының маңызды элементіне айналды.

Бұдан бөлек, Абай ауданына қарасты Қарауыл, Саржал және Көкбай ауылында жалпы ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын бес көшенің жолына жаңадан асфальт төселді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл жобаның мақсаты – мектеп, балабақша, колледж және т.б. маңызды әлеуметтік нысандарға баратын жолмен қамтамасыз ету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив