Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Семейде тоғыз қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суреті салынып жатыр

3-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл Семей қаласындағы алғашқы қабырға суреті емес. Бұдан бөлек осы жылы 8 көпқабатты үйдің қабырғалары мен жер асты өткелдеріне муралдар салынды. Суреттер қаланың сыртқы келбетіне ерекше әсер қосады.

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен Народная 33 мекенжайындағы 9 қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суретін салу шешімі шығарылған болатын.

Эскиз авторы – Шалқар Ақанов, ал суретті салуға алматылық мердігер ұйым тартылды.

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, муралды салу жұмыстары қазан айының алғашқы жартысында толығымен аяқталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив