Қала әкімі Абыралы ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді
Айнабұлақ пен Ақбұлақ ауылдық округтерінен кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылының тұрынғындарымен есептік кездесу өткізді. Абыралы ауылында жалпы 430 халық бар, 30-дан аса ауыл тұрғыны қала әкімінің кездесуіне қатысты.
"Ақпан айында өткен кездесуімізде округ тұрғындары Жедел жәрдем көлігінің болмауына шағымданды. Абай облысының денсаулық басқармасынан сұрау салу арқылы Қайнар ауылындағы медициналық пунктінен жедел жәрдем көлігі берілді",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Биыл ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, көктем маусымында көше жарықтандыруына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысқа қалалық бюджет есебініен 1,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, наурыз айында 11 млн. теңге сомасына «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымы әкімдік ғимаратының шатыры мен тірек бағаналары ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Кездесуден кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылындағы ағымдағы жылы жасалған Воркаут (Workout) алаңының сапасын тексерді.