Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қала әкімі Қараөлең ауылдық округінің нысандарын аралады

16-10-2023, 11:36 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың мамыр айында Қайнар мәдениет үйінің  жылу жүйесін  жөндеуге 28 млн соммасында қаражат бөлініп, «Магнитом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізген болатын. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ең алдымен мәдениет үйінің жылу қазандығының жұмысымен танысты. Артынша Қайнар ауылының мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу өткізді. 2023 жылы Қайнар ауылындағы өрт сөндіру бекетін ағымдағы жөндеуге 7 млн 901 мың теңге бөлінді, өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталды.  Сонымен қатар, округ әкімдігі ғимаратының сол қанатының ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 7 млн 285 мың теңге бөлініп, жергілікті мердігеплер жұмыстар жүргізді. Мәдениет үйі алдындағы аллеяны 18 млн 458 мыңға жаңартылып, орындықтар, жарықтандырулар заман талабына сай қойылды. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ағымдағы жұмыстардан қалған қаражатқа әкімшілік алдына пандус пен воркаут алаңдарының асты тегістеліп, жасанды көгалды жайластыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.   Ауыл ішіндегі көшелерді жарықтандыру бойынша жобалау сметалық құжаттар әзірлену сатысында. Тиісті құжаттамалар әзірленгеннен кейін, келер жылы бірнеше көшеге жарықтандырулар жүргізіледі. Сонымен қатар, Абралы ауруханасының қазандығы мен шатыры Абай облысы денсаулық басқармасының есебінен  күрделі жөндеуден өткізу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив