Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қала басшысы Достық ауылының тұрғындарымен кездесті

23-11-2023, 13:33 Думан Кенжеғазыұлы

Нұрбол Нұрсағатов Достық ауылдық округінің орталығы Шақаман ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.Чекоман ауылының орталығында   футбол алаңының құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Гранд Семей» ЖШС-мен әкім аппаратының ғимаратында өрт дабылын орнатты.

Шақаман ауылында көше жарықтандыру бағаналарын қойылып, ауылдың көшелеріне жарықшамдар жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен жылы Шақаман және Достық ауылдарында балалар алаңқай бой көтерген болатын. Бірақ тиісті жұмыстар толығымен ақталмады. Осы олқылықтарды жою үшін 2023 жылдың мамыр айында саябақтардағы шағын архитектуралық формаларды орнатуға қаражат бөлініп, түрлі формадағы архитектуралық насандар саябақтарға орнатылуда.

Шақаман ауылында 2021 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ең өзекті мәселе- су құбырының аяқталмауы. Мердігер ұйым су желілеріне жүргізуге жерді қазып, келісімшарттағы келісімді толық орындамаған. Қазіргі таңда су құбыр желілерін құрылысын аяқсыз қалдырған “QazConstructions"ЖШС-не шартты бұзу және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талапты Абай облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив