Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді

29-01-2024, 10:09 018.kz

Аймақ басшысы жеке қабылдау аясында 15-тен астам адамды қабылдады. Онда абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй, жер қатынастары мәселелері көтерілді. Сондай-ақ тұрғындар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.

Қабылдауға Семей қаласының тиісті бөлімдерімен қатар басқарма басшылары қатысты. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелерді жоспарға сәйкес пысықтауға тапсырма берілді. Облыс әкімі қала әкімдігінің басшылығымен бірге проблемалық учаскелерді аралайды.

Айта кетсек, Азаматтарды қабылдау орталығы мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылының орталықтандырылған алаңы ретінде жұмыс істейді. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив