Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай ауданында туризмді дамытуға арналған форум өтті

30-01-2024, 09:00 018.kz

Абай ауданында «Абай ауданында туризмді дамытудың жаңа концепциялары, мүмкіндіктері және даму инструменттері» тақырыбында аймақтық форум өтті. Форумның мақсаты - 2024-2028 жылдары аралығында Абай ауданында туризмді дамытуға қолайлы орта қалыптастыру, кедергілерді жою.

Форумға келген қонақтар ең әуелі Абай ауданының туристік ошағының басы басталатын Бөрілідегі «М.Әуезовтің мұражай үйіне» барып, жазушының өмір жолымен танысты.

Форумға облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев, облыстық басқарма басшылары, облыстық мұражай, туристік фирма директорлары, ауылдық округтердің әкімдері мен облыстағы дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Форум аясында қонақтар үшін қолөнер, мүсіндер, тоқылған бұйымдар және басқа да әдемі әшекей көрмесі ұйымдастырылды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив