Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай ауданында ардагерлерге «35 жыл» медальдары табысталды

16-02-2024, 09:21 018.kz

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Мейіржан Смағұлов және ауған ардагерлері қатысты.

Іс-шараның маңызды бөлігі Ауғанстанның Ардагерлер саябағында гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Ауғанстан аумағынан Кеңес үкіметі әскерінің шығуына 35 жыл толуына орай боздақтарымызды еске алып, ардагерлерімізді құттықтады. Ауған ардагерлері Қ.Ертуғановқа, А.Жүнісбековке, Н.Құлшыбековке, М.Қасымжанға, А.Жұманбаевқа, Н.Құрмашевқа, М.Шахмановқа, А.Әлімжановқа, М.Қаратевқа «35 жылдық» мерекелік медалі табыс етілді.

Кеш «Қаламқас» халық ән-би ансамблі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив