Cемей37°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.81 596.27 6.63

Семей қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

2-03-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. 

Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжоловтың айтуынша, 2024 жылы жастарды қолдауға бағытталған 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Кеңес барсында бөлім басшыларына жиынға қатысушы жастар бизнес инкубаторы мен жастарға арналған тұрғын үй  бағдарламаларына қатысты біратар ұсыныстарын ұсынып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жиын соңында әрқашан жастарға өз тарапынан көмек қолын созуға, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив