Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Көпқабатты үйлердің қасбеттері қалпына келтіріледі

16-03-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі 2023 жылы жүргізілген көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстарының жай-күйін тексерді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Семейде 41 көпқабатты тұрғын үйдің қабырғалары сырланған болатын. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейбір үйлердің қасбеттерінде ішінара кемшіліктер пайда болды. Атап айтқанда, Шәкәрім даңғылы 35, Б.Момышұлы көшесі 35-39, қ. Мұхамедханов көшесі 49, Шайжүнісов көшесі 152 мекенжайларындағы үйлерде.

"Жасалған шарттарға сәйкес және кепілдік мерзімі шеңберінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қабырғаларды бояуды қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажет", - деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Қазіргі уақытта Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімімен "ANVAR Valve Grup" ЖШС, "Али-Нур Строй и К" ЖШС, "РимСтройСервис"ЖШС тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру бойынша хабарламалар жолданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив