Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығында Наурыз мейрамы тойланды

20-03-2024, 14:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін “Наурызнама” онкүндігі аясында Семей қаласындағы Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығында «Қош келдің Әз Наурыз» атты мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Облыс мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шакаримовтар қатысты.

Іс - шара барысында балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті, сондай-ақ, ұлттық спорт күніне орай, ұлттық ойындардан сайыстар өтті.

Сондай-ақ, қала әкімі орталықтың шебарханасын, жылыжайды аралады. Орталықтың тәрбиенушілері мен тәлімгерлері аулада ұлттық дәстүрлерді көрсетті.

Әкімдік атынан балалар арасында спортты одан әрі дамыту үшін спорттық жабдықтар мен ойыншықтар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив