Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қала әкімі Лесопильная көшесінің тұрғындарымен кездесті

11-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауында болған Лесопильная көшесінің тұрғындары «Семей Водоканал» КММ теңгеріміндегі кәріз сорғы станциянан шығатын жағымсыз иіске шағымданған болатын, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәріз сорғы станциясы (КНС) гидротехникалық жабдықтар мен құрылыстардың тұтас кешені болып табылады, ол шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік немесе нөсерлі сарқынды суларды ауырлық күшімен бұру мүмкін болмаған жағдайларда айдау үшін пайдаланылады.

Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов Лесопильная көшесіне барып тұрғыдармен кездесті. Қала басшысы жағымсыз иістен құтылу үшін «Семей Водоканал» КММ басшылығына станцияның құбырын жоғары көтеруді тапсырды.

Сондай-ақ, қазіргі таңда ТҮКШ бөлімі Лесопилная көшесіндегі кәріз сорғы станциясының коллекторын ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив